Вход на сайт

Просмотр новости

Найдите то, что Вас интересует

Өскеменде жылу тапшылығын азайтатын жаңа энергоблоктың құрылысы басталды

Дата публикации: 12-08-2026 12:08:00

Жоба аяқталғаннан кейін станцияның жылу қуаты 130 Гкал/сағ, ал электр қуаты 100 МВт-қа артады. 


Основное содержимое страницы с новостью.

Жоба аяқталғаннан кейін станцияның жылу қуаты 130 Гкал/сағ, ал электр қуаты 100 МВт-қа артады. 

12 тамыз 2026 жыл – Өскемен ЖЭО-да жаңа энергоблоктың құрылысы басталды. Жоба қаланың энергетикалық қуатын арттырып, Шығыс Қазақстан облысының жылумен қамтамасыз ету сенімділігін арттыруға мүмкіндік береді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Құрылыс жұмыстарының басталуына арналған іс-шара барысында уақыт капсуласы салынды. Іс-шараға Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов, Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов, қаржы ұйымдарының және "Қазақстан коммуналдық жүйелері" компаниялар тобының өкілдері қатысты.

Өскемен ЖЭО қаланың орталықтандырылған жылумен қамтамасыз ету қажеттілігінің шамамен 85%-ын өтейді. Қала дамып келеді: жаңа тұрғын аудандар мен әлеуметтік нысандар салынуда, өнеркәсіптік өндіріс кеңейіп жатыр. Бұл жылу және электр энергиясына деген қажеттіліктің артуына алып келеді.

Жоба аяқталғаннан кейін станцияның жылу қуаты 130 Гкал/сағ, ал электр қуаты 100 МВт-қа артады. Құрылыс жұмыстарын 2030 жылға дейін аяқтау жоспарланып отыр. Жаңа қуаттар жылу энергиясының қазіргі тапшылығын азайтып, қаланың одан әрі дамуы үшін қажетті резервті қалыптастыруға мүмкіндік береді. Жобаны дайындаудың негізгі кезеңдерінің бірі Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі мен Өскемен ЖЭО арасында инвестициялық келісім жасасу болды.

"Жаңа энергоблок қала тұрғындарын жылу және электр энергиясымен қамтамасыз етеді. Бұл Өскеменнің одан әрі дамуы үшін қажетті қуат резервін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар жоба жаңа жұмыс орындарын құрады. Мамандар заманауи жабдықтармен жұмыс істеп, кәсіби дағдыларын үнемі жетілдіре алады. Энергетика саласына жаңа қуаттармен қатар, сол нысандарда жұмыс істейтін білікті мамандар қажет", – деді ҚР Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов.

Жаңа энергоблокты салу кезінде заманауи технологиялық шешімдер мен шығарындыларды тазарту жүйелерін қолдану көзделген. Бұл жылу және электр энергиясын өндіру тиімділігін арттырып, қоршаған ортаға әсерді азайтуға мүмкіндік береді.

Жобаны "Қазақстан коммуналдық жүйелері" компаниялар тобының құрамына кіретін "Өскемен ЖЭО" ЖШС Еуразиялық даму банкі мен Halyk Bank-тің қатысуымен жүзеге асырады. Жобаны іске асыру нәтижесінде шамамен 300 тұрғын үй мен әлеуметтік нысанды жылумен қамтамасыз ету жоспарлануда. Сонымен қатар жоба аясында шамамен 50 жаңа жұмыс орны ашылады.

Telegram

БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында

Жазылу

Схожие новости

#Наименование новостиТональностьИнформативностьДата публикации
1Глава КБР: развитие МГЭС поможет республике в обеспечении электроэнергией на 50%-60%0011-11-2021
2На Казанской ТЭЦ-1 запустили новый энергоблок мощностью 230 МВт0029-08-2018
3Первая масштабная наземная электростанция Risen Energy подключена к энергосети Казахстана0022-01-2020
4Первый энергоблок БелАЭС вывели на 100-процентную мощность0013-01-2021
5"Газпром" ввел Грозненскую ТЭС на 360 МВт на полную мощность0028-06-2019
6"Русгидро" ввела в эксплуатацию энергоблок на Владивостокской ТЭЦ-20024-12-2025
7Ростех построит новые энергоблоки ТЭС "Ударная" на Кубани0019-06-2025
8Сальдо: новая подстанция выравнивает электроснабжение Херсонской области0026-08-2025
9Казахстан в энергобалансе до 2035 года планирует строительство АЭС мощностью 2,4 ГВт0018-03-2022

Классификация: . Схожих патентов: 0. Схожих новостей: 9. Тональность: 0. Информативность: 16.53. Источник: inbusiness.kz.