Вход на сайт

Просмотр новости

Найдите то, что Вас интересует

Тоқаев үкіметке сирек кездесетін металдар саласын дамытуды тапсырды

Дата публикации: 20-08-2026 12:11:00

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 20 тамыз күні Қауіпсіздік кеңесінің отырысында аса маңызды минералдар, оның ішінде сирек кездесетін металдар саласын дамыту бойынша үкімет пен мемлекеттік органдарға геологиялық барлауды күшейту, өңдеу өндірісін дамыту және әкімшілік кедергілерді жою жөнінде нақты тапсырмалар берді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Тоқаев ресурс қоры мен өндірістік әлеуеті жағынан Орталық Азиядағы жетекші орынға ие Қазақстанның мұны жаһандық сұраныс...

Основное содержимое страницы с новостью.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 20 тамыз күні Қауіпсіздік кеңесінің отырысында аса маңызды минералдар, оның ішінде сирек кездесетін металдар саласын дамыту бойынша үкімет пен мемлекеттік органдарға геологиялық барлауды күшейту, өңдеу өндірісін дамыту және әкімшілік кедергілерді жою жөнінде нақты тапсырмалар берді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Тоқаев ресурс қоры мен өндірістік әлеуеті жағынан Орталық Азиядағы жетекші орынға ие Қазақстанның мұны жаһандық сұраныс өсіп отырған кезеңде мемлекет мүддесіне тиімді пайдалануы маңызды екенін айтқан.

Оның сөзінше, әлемдегі қазіргі жағдай қазба байлығы мол елдерге жаңа экономикалық мүмкіндіктерге жол ашып отыр. Бұған қоса, жоғары технологиялық өндірістерге қажет аса маңызды материалдарға қол жеткізу үшін мемлекеттер арасындағы бәсекелестік күшейіп келе жатыр деген Тоқаев.

Қауіпсіздік кеңесінің отырысында үкімет мүшелері саланың қазіргі жай-күйі, ресурс қорларын игеру болашағы, қайта өңдеу саласын дамыту және негізгі кедергілер жөнінде есеп берген.

Кеңес қорытындысында Тоқаев үкіметке саланы дамытудың жүйелі тәсілін қалыптастыруды, реттеу тетіктерін жетілдіруді, геологиялық барлау мен өңдеу жұмыстарын кеңейтуді, зертханалық базаны жаңғыртып, мамандар даярлау және әкімшілік тосқауылдарды қысқарту жөнінде тапсырмалар берген.

Айдар

Схожие новости

#Наименование новостиТональностьИнформативностьДата публикации
1Токаев призвал к активизации освоения в Казахстане залежей редких металлов0001-09-2023
2«Халқымыз осындай аралас-құраластықты бағалайды»: Қазақстан Президентінің Бельгия Короліне айтқаны012.2813-10-2026
3Токаев пообещал назначить вице-президента в течение десяти дней014.0123-08-2026
4Бельгия Қазақстан экономикасындағы 10 ірі инвестордың қатарына кіреді – Мемлекет басшысы013.8513-10-2026
5Президент білім жүйесін дамытуға арналған заманауи тәсілдермен танысты07.927-08-2026
6Агидель: Ночь 20 дек, Чт0019-12-2018
7World Tennis президенті Дэвид Хаггерти II дәрежелі «Достық» орденімен марапатталды01013-10-2026
8😎 Это судьба — Gladiators на BLAST Slam чудо показали, ...0008-02-2025
9Coke, Pepsi, and Other Big Brands Are Getting Sued for Contributing to the Plastic Crisis0028-02-2020
10Peru aims for $33 billion mining pipeline as Fujimori cuts red tape013.8820-08-2026

Классификация: Экономика. Схожих патентов: 0. Схожих новостей: 10. Тональность: 0. Информативность: 9.38. Источник: www.azattyq.org.