Вход на сайт

Просмотр новости

Найдите то, что Вас интересует

Оралда 33 млрд теңгеге 12 мың орындық стадион салынады

Дата публикации: 13-10-2026 10:05:00

Нысан УЕФА талаптарына сай болуы қажет.
 


Основное содержимое страницы с новостью.

Нысан УЕФА талаптарына сай болуы қажет.  

Орал қаласында 12 мың көрерменге арналған жабық футбол стадионын салу жоспарланып отыр. Ақжайық шағынауданында бой көтеретін кешеннің жобалау және құрылыс жұмыстарына қосылған құн салығын есептемегенде 33,343 млрд теңге қарастырылған, деп жазады inbusiness.kz сайты жергілікті Uralskweek.kz порталына сілтеме жасап.

Батыс Қазақстан облысының құрылыс басқармасы жобаны жүзеге асыру үшін мемлекеттік сатып алу порталында тендер жариялаған.

Жоспар бойынша, стадион жыл он екі ай жұмыс істеп, жылдың кез келген мезгілінде ішкі температураны қолайлы деңгейде ұстап тұруы керек. Мұнда футбол матчтарымен қатар концерттер де өткізу көзделген.

Техникалық тапсырмаға сәйкес, нысан УЕФА-ның төртінші санатынан төмен емес талаптарға сай болуы қажет. Жобалық құжаттаманы Еуропалық футбол қауымдастықтары одағымен келісу жоспарланған. Стадионның нақты сыйымдылығы мен өзге де негізгі параметрлері жобалау кезеңінде айқындалады.

Алдын ала есеп бойынша, кешеннің құрылыс аумағы 28–35 мың шаршы метрді құрайды. Ғимараттар үштен бес қабатқа дейін салынып, трибуналардың астына 5,9 мың шаршы метр қосалқы орынжай орналастырылады.

Негізгі алаңға табиғи немесе гибридті көгал төселеді. Сондай-ақ жылыту, су ағызу, автоматты суару және топырақты желдету жүйелері орнатылады. Концерт кезінде көгалды қорғау үшін арнайы жабын пайдаланылмақ.

Стадионның жанынан көлемі 105×68 метр болатын жаттығу алаңы салынады. Онда жарықтандыру, суару және дренаж жүйелері қарастырылған.

Кешен құрамына футбол академиясы да кіреді. Оның ғимаратында спортшыларға арналған жатын орындар, оқу сыныптары, жаттығу залы, медициналық кабинеттер, массаж және бой жазу бөлмелері, асхана мен кір жуу орындары болады.

Жобада негізгі аренада кемінде 300 VIP-орын, VVIP аймақтары және Skybox жеке ложаларын қарастыру көзделген. Бұдан бөлек, баспасөз орталығы, төрешілердің бейнекөмек жүйесіне (VAR) арналған бөлмелер, допинг-бақылау кабинеттері, киім ауыстыру және қалпына келу залдары қарастырылған.

Кешенде клуб музейі, жанкүйерлер аймақтары, тамақтану орындары мен сауда павильондары да болады. Автотұрақ кемінде 500 көлікке есептеледі.

Техникалық тапсырмада телетрансляцияға арналған жабдықтарға да ерекше мән берілген. Атап айтқанда, алаң үстіндегі Skycam камерасы, қақпа артындағы және ойыншылар туннеліндегі камералар, рельс пен крандарға орнатылатын түсіру құрылғылары және VAR жүйесі қарастырылған. Алаңның жарықтандыру деңгейі HD, 4K және 8K форматтарында трансляция жасауға мүмкіндік беретін кемінде 2000 люкс болуы керек. LED-экрандар стадионның ішінде және қасбетінде орнатылады.

Қазіргі уақытта жарияланған мәліметтерде құрылыс жұмыстарын жүргізетін мердігердің аты-жөні мен құрылыстың басталу мерзімі көрсетілмеген.

Telegram

БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында

Жазылу

Схожие новости

#Наименование новостиТональностьИнформативностьДата публикации
1ЧГРЭС станет центром футбола? На Российской началось строительство стадиона с гостиницей и бассейном за 1,2 млрд рублей014.1720-09-2026
2В Ярославле может появиться новый футбольный стадион за 12 млрд рублей0022-07-2025
3Компания Усманова договорилась с ФК "Эвертон" о покупке прав на название нового стадиона0014-01-2020
4"Оренбург" планирует завершить реконструкцию стадиона в июне 2022 года0006-05-2021
5Saudi Arabia unveil plans for high-tech 45,000-seater stadium - including LED wall and retractable roof - built on a 200m tall cliff near Riyadh... with the arena set to be the new home of Cristiano Ronaldo's Al-Nassr010.6616-01-2024
6Шавкат Мирзиёев Нукусда янгиланган “Турон” стадиони билан танишди021.1119-09-2026
7Ақтауда жаңа стадионның құрылысы басталды – әкімдік эскизін көрсетті017.1419-08-2026
8В Душанбе открыли уникальный в Центральной Азии стадион 18.3422-08-2026
9Стадион на 15 тыс. мест намерены построить в новом микрорайоне Тамбова0018-06-2020

Классификация: Спорт. Схожих патентов: 0. Схожих новостей: 9. Тональность: 0. Информативность: 23.33. Источник: inbusiness.kz.