Алматыда кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және түнгі уақытта ересектердің қарауынсыз жүрген балаларды анықтау мақсатында рейдтік іс-шаралар өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz. Ювеналды полиция қызметкерлері ойын-сауық орындары мен көшелерді тексеріп, заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз жүрген кәмелетке толмағандарды анықтады. Рейд барысында 46 балаға қатысты заң талаптарының бұзылуына байланысты деректер тіркелді. […]
15 Қазан 2026 ж., 16:10 жарияланған 2
Алматыда кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және түнгі уақытта ересектердің қарауынсыз жүрген балаларды анықтау мақсатында рейдтік іс-шаралар өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ювеналды полиция қызметкерлері ойын-сауық орындары мен көшелерді тексеріп, заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз жүрген кәмелетке толмағандарды анықтады.
Рейд барысында 46 балаға қатысты заң талаптарының бұзылуына байланысты деректер тіркелді. Атап айтқанда, ойын-сауық орындарында болуға қатысты талаптардың бұзылуының екі дерегі, түнгі уақытта заңды өкілдерінсіз үйден тыс жүрген балаларға қатысты 40 дерек және алкогольдік ішімдік ішуге байланысты бір дерек анықталды. Сондай-ақ үш кәмелетке толмаған бала балаларды қолдау орталығына орналастырылды.
Алматы қаласы полиция департаменті қоғамдық қауіпсіздік басқармасының бастығы Тимур Ноғайбаевтың айтуынша, мұндай рейдтердің басты мақсаты – балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және олардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін жағдайлардың алдын алу.
– Балалардың қауіпсіздігіне полиция да, ата-ана да, жалпы қоғам жауапты. Біздің міндетіміз тек құқық бұзушылықтарды анықтаумен шектелмейді. Ең бастысы – балалардың қауіп-қатерге тап болуына жол бермеу. Түнгі уақытта ересектердің қарауынсыз жүру және белгіленген талаптарды бұза отырып ойын-сауық орындарына бару жасөспірімдердің қауіпсіздігіне қатер төндіреді.
Ата-аналарды балаларының қайда және кіммен жүргенін біліп, бос уақытын қадағалауға, қауіпсіздігіне бейжай қарамауға шақырамыз. Тәрбиелік және профилактикалық жұмыс ең алдымен отбасынан басталады. Ересектердің дер кезінде назар аударуы көптеген келеңсіз жағдайдың алдын алуға көмектеседі, – деді Тимур Ноғайбаев.
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің түлегі. Бірнеше ақпараттық порталда тілші болып жұмыс істеген. Қазіргі таңда "Polisia.kz" сайтының шеф-редакторы.
| # | Наименование новости | Тональность | Информативность | Дата публикации |
|---|---|---|---|---|
| 1 | Қостанай облысында көші-қон заңнамасын бұзғандар жауапқа тартылды | 0 | 18.4 | 15-10-2026 |
| 2 | Рейды МВД: тысячи подростков доставили в полицию | 0 | 7 | 07-07-2026 |
| 3 | ШҚО-да камералардың көмегімен қоғамдық орындарды ластаған азаматтар анықталды | 0 | 14.93 | 15-10-2026 |
| 4 | Полиция павлодарлық жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді жол қозғалысы ережелерін сақтауға шақырды | 0 | 16.54 | 21-09-2026 |
| 5 | Екібастұзда 13 шетелдік тиісті рұқсатсыз жұмыс істеген | 0 | 19.57 | 15-10-2026 |
| 6 | Полиция азаматтарды табиғатты аялауға және тазалық сақтауға шақырады | 0 | 5 | 02-07-2026 |
| 7 | Маңғыстауда оқушыларға самокатпен жүру мәдениеті түсіндірілді | 0 | 7 | 02-07-2026 |
| 8 | ІІМ: Бір айда республика бойынша 15 мыңға жуық граффити жойылды | 0 | 19.37 | 15-10-2026 |
| 9 | Түркістан облысында шетел азаматтарының көші-қон тәртібі тексерілді | 0 | 15.41 | 21-09-2026 |
| 10 | Жетісу облысында мас күйде көлік тізгіндеген жүргізушілер жауапқа тартылды | 0 | 17.52 | 21-09-2026 |