ШҚО-да "Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясы аясында туристік полиция қызметкерлері учаскелік полиция инспекторларымен бірлесіп азаматтардың жаппай демалыс орындарында профилактикалық іс-шаралар өткізіп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz. Рейд барысында полицейлер демалушылармен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, ақпараттық жадынамалар таратып, қоршаған ортаға ұқыпты қараудың маңызын еске салды. Жағажайларда тазалықты сақтауға ерекше назар аударылуда. Азаматтарға арттарынан қоқыс қалдырмау, тұрмыстық қалдықтарды […]
ШҚО-да "Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясы аясында туристік полиция қызметкерлері учаскелік полиция инспекторларымен бірлесіп азаматтардың жаппай демалыс орындарында профилактикалық іс-шаралар өткізіп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Рейд барысында полицейлер демалушылармен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, ақпараттық жадынамалар таратып, қоршаған ортаға ұқыпты қараудың маңызын еске салды. Жағажайларда тазалықты сақтауға ерекше назар аударылуда. Азаматтарға арттарынан қоқыс қалдырмау, тұрмыстық қалдықтарды арнайы контейнерлерге тастау және табиғатты аялау қажеттігі түсіндірілді.
Сондай-ақ тәртіп сақшылары қоғамдық орындардағы қағидаларды түсіндіріп, тазалықты сақтау – әрбір азаматтың ортақ міндеті екенін атап өтті. Әрбір демалушының жауапкершілігі жағажайлардың таза, жайлы әрі қауіпсіз болуына өз үлесін қосады.
Полиция өңір тұрғындары мен қонақтарын экологиялық мәдениетті сақтауға, қоршаған ортаға жанашырлықпен қарауға және демалыстан кейін міндетті түрде қоқысты жинап кетуге шақырады.
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің түлегі. Бірнеше ақпараттық порталда тілші болып жұмыс істеген. Қазіргі таңда "Polisia.kz" сайтының шеф-редакторы.
| # | Наименование новости | Тональность | Информативность | Дата публикации |
|---|---|---|---|---|
| 1 | Түркістан облысында шетел азаматтарының көші-қон тәртібі тексерілді | 0 | 15.41 | 21-09-2026 |
| 2 | Қостанай облысында көші-қон заңнамасын бұзғандар жауапқа тартылды | 0 | 18.4 | 15-10-2026 |
| 3 | Ақтауда есірткіге қарсы профилактикалық акция ұйымдастырылды | 0 | 5 | 02-07-2026 |
| 4 | Маңғыстауда оқушыларға самокатпен жүру мәдениеті түсіндірілді | 0 | 7 | 02-07-2026 |
| 5 | Қараңғы түскенде балалар қайда жүреді: Алматыда полиция рейд жүргізді | 0 | 20.32 | 15-10-2026 |
| 6 | Екібастұзда 13 шетелдік тиісті рұқсатсыз жұмыс істеген | 0 | 19.57 | 15-10-2026 |
| 7 | Елордада полиция әлеуметтік сауалнама ұйымдастырды | 0 | 16.7 | 14-08-2026 |
| 8 | Ақтөбеде алаяқтық дерегіне қатысы бар күдікті ұсталды | 0 | 5 | 02-07-2026 |
| 9 | ШҚО-да камералардың көмегімен қоғамдық орындарды ластаған азаматтар анықталды | 0 | 14.93 | 15-10-2026 |
| 10 | Жетісуда полиция қызметін жетілдіруге бағытталған басым міндеттер айқындалды | 0 | 16.76 | 14-08-2026 |