Вход на сайт

Просмотр новости

Найдите то, что Вас интересует

Ақтөбеде алаяқтық дерегіне қатысы бар күдікті ұсталды

Дата публикации: 02-07-2026 11:42:59

Ақтөбеде алаяқтық дерегіне қатысы бар күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz. Ақтөбеде полиция қызметкерлері бірнеше алаяқтық дерегіне қатысы бар деген күдікпен ер адамды ұстады. Тергеу мәліметтері бойынша, бірінші жағдайда күдікті салық органдарындағы бұғатталған есепшотты ашып беремін деген желеумен құрылыс компаниясының бухгалтерін алдап, 580 мың теңге көлеміндегі ақшасын иемденген. Екінші жағдайда ол жеке кәсіпкердің басшысына басқа […]

Основное содержимое страницы с новостью.

Ақтөбеде алаяқтық дерегіне қатысы бар күдікті ұсталды

Ақтөбеде алаяқтық дерегіне қатысы бар күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтөбеде полиция қызметкерлері бірнеше алаяқтық дерегіне қатысы бар деген күдікпен ер адамды ұстады. Тергеу мәліметтері бойынша, бірінші жағдайда күдікті салық органдарындағы бұғатталған есепшотты ашып беремін деген желеумен құрылыс компаниясының бухгалтерін алдап, 580 мың теңге көлеміндегі ақшасын иемденген.

Екінші жағдайда ол жеке кәсіпкердің басшысына басқа облыста тұратын, ірі көлемде қарызы бар азаматты тауып беруге көмектесетінін айтып, сеніміне кірген. Осы сылтаумен кәсіпкерден 4 миллион теңге алып, өз пайдасына жаратқан.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері күдіктінің жеке басын анықтап, оны полиция бөліміне жеткізді.

Аталған фактілер бойынша алаяқтық дерегімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Сондай-ақ күдіктінің осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.

Полиция азаматтарды қырағылық танытуға, бейтаныс адамдардың түрлі қызмет көрсетемін деген уәделеріне сеніп, ақшалай қаражатты бермеуге және мұндай жағдайларда олардың өкілеттігі мен ұсынылған ақпараттың шынайылығын міндетті түрде тексеруге шақырады.

Схожие новости

#Наименование новостиТональностьИнформативностьДата публикации
1Қостанай облысында көші-қон заңнамасын бұзғандар жауапқа тартылды018.415-10-2026
2Ұлттық домбыраны ұлықтаған полицейлер7602-07-2026
3Рудныйда киберполицейлер алаяқтардың жоспарын бұзып, тұрғынның баспанасын сақтап қалды5702-07-2026
4Екібастұзда 13 шетелдік тиісті рұқсатсыз жұмыс істеген019.5715-10-2026
5Абай облысында интернет-алаяқтық құрбаны болған тұрғынның ақшасы толық қайтарылды2602-07-2026
6Полиция азаматтарды табиғатты аялауға және тазалық сақтауға шақырады0502-07-2026
7Елордада полиция әлеуметтік сауалнама ұйымдастырды016.714-08-2026
8Жетісуда полиция қызметін жетілдіруге бағытталған басым міндеттер айқындалды016.7614-08-2026
9Атырау облысы ПД бастығы аудандағы полиция бөлімдерінің жұмысын тексерді016.2515-08-2026
10«Лифтіде төбелес шығарған»: Қызылордада пранк жасаған тұрғынға айыппұл салынды01012-08-2026

Классификация: Происшествия. Схожих патентов: 0. Схожих новостей: 10. Тональность: 0. Информативность: 5. Источник: polisia.kz.