Ақтөбеде есірткі заттарын дайындаумен айналысты деген күдікпен бір топ адам ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz. Ақтөбе қаласында Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында химиялық өңдеу арқылы есірткі заттарын дайындады деген күдікпен жергілікті тұрғындар тобын анықтады. Көршілерден жауап алу барысында пәтерлердің бірінде азаматтардың жүйелі түрде жиналғаны және онда есірткі заттарын дайындау фактілері болғаны […]
15 Қазан 2026 ж., 15:32 жарияланған 4
Ақтөбеде есірткі заттарын дайындаумен айналысты деген күдікпен бір топ адам ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Ақтөбе қаласында Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында химиялық өңдеу арқылы есірткі заттарын дайындады деген күдікпен жергілікті тұрғындар тобын анықтады.
Көршілерден жауап алу барысында пәтерлердің бірінде азаматтардың жүйелі түрде жиналғаны және онда есірткі заттарын дайындау фактілері болғаны туралы ақпарат алынды.
Тексеру барысында 5 дана шприц, сұйықтығы бар екі пластик ыдыс, кастрөл ішіндегі 500 грамм дайындалған көкнәр қоспасы және пакеттегі 500 грамм пайдаланылған көкнәр тәркіленді.
Тәркіленген заттарға сараптама тағайындалды. Қазіргі уақытта күдіктілерге қатысты бұлтартпау шарасын таңдау мәселесі шешілуде.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 302-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.
| # | Наименование новости | Тональность | Информативность | Дата публикации |
|---|---|---|---|---|
| 1 | Қостанай облысында көші-қон заңнамасын бұзғандар жауапқа тартылды | 0 | 18.4 | 15-10-2026 |
| 2 | Екібастұзда 13 шетелдік тиісті рұқсатсыз жұмыс істеген | 0 | 19.57 | 15-10-2026 |
| 3 | ШҚО-да камералардың көмегімен қоғамдық орындарды ластаған азаматтар анықталды | 0 | 14.93 | 15-10-2026 |
| 4 | Абай облысы бойынша ҚАЖД мекемесінде тұрмыстық химия өндіретін цех ашылды | 0 | 11.29 | 15-10-2026 |
| 5 | Елордада түнгі отшашу тұрғындардың тыныштығын бұзды: құқық бұзушы қамауға алынды | 0 | 19.34 | 21-09-2026 |
| 6 | Ұландықтар қызметтік иттің көмегімен ҚАЖ мекемесіне тыйым салынған затты жеткізу әрекетін тоқтатты | 0 | 17.99 | 21-09-2026 |
| 7 | Павлодар облысында жасөспірімдер арасында есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алу жұмыстары жүргізілді | 0 | 15.09 | 15-08-2026 |
| 8 | Қостанайда бұрынғы әйелін аңшылық қарумен қасақана атып өлтірген ер адам сотталды | 0 | 10 | 12-08-2026 |
| 9 | Атырау әуежайында бет-жүзін тұмшалаған 6 жолаушы анықталды | 0 | 22.5 | 21-08-2026 |
| 10 | 10 тысяч разовых доз мефедрона изъяли у наркокурьера в Алматы | 0 | 12.8 | 11-08-2026 |