Абай облысы бойынша ҚАЖ-дың барынша жоғары қауіпсіздік мекемесінде жуғыш заттар мен тұрмыстық химия өндіретін цех ашылды - деп хабарлайды Polisia.kz. Абай облысы бойынша ҚАЖ-дың барынша жоғары қауіпсіздік мекемесінде жуғыш заттар мен тұрмыстық химия өндіретін жаңа өндірістік цех іске қосылды. Өндіріс орнын ашудағы мақсат – сотталғандардың еңбекпен қамтылу мүмкіндіктерін кеңейту, кәсіби дағдыларын қалыптастыру және бостандыққа шыққаннан […]
Абай облысы бойынша ҚАЖ-дың барынша жоғары қауіпсіздік мекемесінде жуғыш заттар мен тұрмыстық химия өндіретін цех ашылды - деп хабарлайды Polisia.kz.
Абай облысы бойынша ҚАЖ-дың барынша жоғары қауіпсіздік мекемесінде жуғыш заттар мен тұрмыстық химия өндіретін жаңа өндірістік цех іске қосылды. Өндіріс орнын ашудағы мақсат – сотталғандардың еңбекпен қамтылу мүмкіндіктерін кеңейту, кәсіби дағдыларын қалыптастыру және бостандыққа шыққаннан кейін қоғамға бейімделуіне ықпал ету.
Қазіргі уақытта цехта тәулігіне шамамен екі тонна өнім өндіріледі. Дайын өнімнің бір ыдысының көлемі – бес литр. Алдағы уақытта өндіріс қуатын тәулігіне төрт-алты тоннаға дейін арттыру жоспарланып отыр. Дайын өнім қала аумағында және Қазақстанның басқа өңірлерінде сатылады.
Бүгінде өндіріс орнында 12 сотталған азамат еңбек етеді. Өнім көлемі артқан сайын жұмыс орындарының санын 20-ға дейін жеткізу көзделген.
Жұмысқа кіріспес бұрын сотталғандар жуғыш заттарды өндіру технологиясы бойынша арнайы оқытудан өтті. Олар үшін тұрмыстық химия өнімдерін өндіру саласының технолог-маманының жетекшілігімен арнайы курстар ұйымдастырылды.
Сотталғандардың еңбекақысы орындалған жұмыс көлеміне қарай есептеледі. Тапқан табыстары сот шешімімен жүктелген талап-арыздар бойынша берешектерін өтеуге, сондай-ақ отбасыларына материалдық қолдау көрсетуге мүмкіндік береді.
- Мен 35 жастамын. Үш жыл бұрын ұрлық жасағаным үшін бес жылға бас бостандығынан айырылдым. Үйде әйелім мен кәмелетке толмаған үш балам күтіп отыр. Бұл жұмыс өзімді қоғамға пайдалы адам ретінде сезінуге, кәсіби дағдыларды меңгеруге және табыс табуға мүмкіндік береді. Отбасыма көмектесіп, мойнымдағы міндеттемелерімді біртіндеп өтей аламын. Мұның бәрі маған алға ұмтылуға және бостандыққа шыққаннан кейін жаңа өмір бастауға күш береді, – деді сотталған.
- Жаңа өндірістік цехтың ашылуы – сотталғандарды еңбекпен қамту бағытындағы маңызды қадам. Өндірісте жұмыс істеу оларға тұрақты табыс табуға, қаржылық міндеттемелерін орындауға, отбасыларына материалдық қолдау көрсетуге және кәсіби дағдыларды меңгеруге мүмкіндік береді. Мұның барлығы олардың түзелуіне және бостандыққа шыққаннан кейін қоғамға бейімделуіне ықпал етеді. Бүгінде мекемеде бес жеке кәсіпкер мен екі жауапкершілігі шектеулі серіктестік жұмыс істейді. Мұнда ағаш өңдеу, тігін және жиһаз цехтары, сусын өндіру цехы, сондай-ақ шаруашылық сабынын өндіретін жаңа цех бар. Өндіріс саласын дамыту сотталғандарды жұмыспен қамту мүмкіндіктерін кеңейтіп, олардың қоғамға ойдағыдай бейімделуіне жағдай жасайды, – деді сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру бөлімінің инспекторы Ақылбек Аубакиров.
| # | Наименование новости | Тональность | Информативность | Дата публикации |
|---|---|---|---|---|
| 1 | Абай облысы бойынша ҚАЖД мекемесінде жасөспірімдерге профилактикалық экскурсия өткізілді | 0 | 12.87 | 21-09-2026 |
| 2 | Қостанай облысында көші-қон заңнамасын бұзғандар жауапқа тартылды | 0 | 18.4 | 15-10-2026 |
| 3 | Ақтөбеде есірткі заттарын дайындаумен айналысты деген күдікпен бір топ адам ұсталды | 0 | 13.13 | 15-10-2026 |
| 4 | Ұландықтар қызметтік иттің көмегімен ҚАЖ мекемесіне тыйым салынған затты жеткізу әрекетін тоқтатты | 0 | 17.99 | 21-09-2026 |
| 5 | Абай облысында интернет-алаяқтық құрбаны болған тұрғынның ақшасы толық қайтарылды | 2 | 6 | 02-07-2026 |
| 6 | Павлодар облысында жасөспірімдер арасында есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алу жұмыстары жүргізілді | 0 | 15.09 | 15-08-2026 |
| 7 | Жамбыл облысында сотталғандарға құқықтық кеңес берілді | 0 | 16.84 | 21-09-2026 |
| 8 | Абай облысы бойынша ҚАЖ әйелдер колониясында Ұлттық домбыра күні аталып өтті | 0 | 5 | 02-07-2026 |
| 9 | Балалар үшін қауіпті орындар: нені ескеру қажет? | 0 | 18.89 | 14-08-2026 |