Вход на сайт

Просмотр новости

Найдите то, что Вас интересует

Маңғыстауда сотталғандарды бақылау жұмысы қалай жүргізіледі?

Дата публикации: 15-10-2026 11:58:27

Маңғыстау облысында пробация қызметі сотталғандардың мінез-құлқын бақылау және олардың қоғамға бейімделуіне ықпал ету мақсатында электрондық бақылау құралдарын тиімді пайдаланып келеді, – деп хабарлайды Polisia.kz. Жыл басынан бері электрондық білезіктердің көмегімен сот белгілеген талаптардың сақталуына тұрақты мониторинг жүргізіліп, 150-ден астам жағдай бойынша тиісті шаралар қабылданды. Қазіргі уақытта Маңғыстау облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің пробация қызметінде 900-ден […]

Основное содержимое страницы с новостью.

Маңғыстауда сотталғандарды бақылау жұмысы қалай жүргізіледі?

Маңғыстау облысында пробация қызметі сотталғандардың мінез-құлқын бақылау және олардың қоғамға бейімделуіне ықпал ету мақсатында электрондық бақылау құралдарын тиімді пайдаланып келеді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жыл басынан бері электрондық білезіктердің көмегімен сот белгілеген талаптардың сақталуына тұрақты мониторинг жүргізіліп, 150-ден астам жағдай бойынша тиісті шаралар қабылданды.

Қазіргі уақытта Маңғыстау облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің пробация қызметінде 900-ден астам сотталған есепте тұр. Олардың бір бөлігіне электронды білезіктер тағылған. Бұл құрылғылар сотталғандардың белгіленген талаптарды сақтауын қашықтан бақылауға, олардың жүрген жері туралы ақпарат алуға және бақылау тәртібіндегі өзгерістерді жедел анықтауға мүмкіндік береді.

Электрондық бақылау құралдары пробация қызметінің жұмысын жетілдіріп, бақылау шараларының тиімділігін арттыруға ықпал етеді. Құрылғылар арқылы алынған мәліметтер мамандарға әр жағдайға уақытылы назар аударып, заңнамада көзделген шараларды қолдану үшін негіз қалыптастырады.

Жыл басынан бері жүргізілген мониторинг нәтижесінде белгіленген талаптардың сақталуына қатысты 150-ден астам жағдай тіркелді. Мұндай жағдайлар бойынша пробация қызметінің мамандары қолданыстағы заңнамаға сәйкес тиісті жұмыс жүргізеді. Нәтижесінде бір сотталған әкімшілік құқық бұзушылық үшін Ақтау қаласы полиция басқармасының арнайы қабылдау орнына 10 тәулікке қамалды. Тағы екі сотталғанға қатысты жазаның өтелмеген бөлігін бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру туралы сот шешімі қабылданып, олар қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріне жіберілді.

Электрондық білезіктерді қолдану пробация қызметіне сотталғандардың белгіленген шектеулерді сақтауын жүйелі түрде қадағалауға және бақылау үдерісін нақты деректер негізінде жүргізуге жағдай жасайды. Бұл ретте құрылғылардың негізгі мақсаты — бақылауды қамтамасыз ету, талаптардың орындалуын қадағалау және заңнама аясында тиісті әрекеттерді уақытылы қабылдау.

Пробация қызметі сотталғандарды бақылаумен қатар, олардың қоғамға бейімделуіне және заң талаптарын сақтай отырып өмір сүруіне бағытталған жұмыстарды да жүзеге асырады. Электрондық бақылау құралдары осы жұмыстың маңызды тетіктерінің бірі болып саналады.

Схожие новости

#Наименование новостиТональностьИнформативностьДата публикации
1Қостанай облысында көші-қон заңнамасын бұзғандар жауапқа тартылды018.415-10-2026
2Астанада робот-иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытында жұмыс істеуде016.6215-10-2026
3Түркістан облысында шетел азаматтарының көші-қон тәртібі тексерілді015.4121-09-2026
4Екібастұзда 13 шетелдік тиісті рұқсатсыз жұмыс істеген019.5715-10-2026
5Жамбыл облысында сотталғандарға құқықтық кеңес берілді016.8421-09-2026
6Қараңғы түскенде балалар қайда жүреді: Алматыда полиция рейд жүргізді020.3215-10-2026
7Жетісу облысында мас күйде көлік тізгіндеген жүргізушілер жауапқа тартылды017.5221-09-2026
8Алматы облысында алқабилер күйеуін өлтірді деп айыпталған әйелді ақтады09.611-08-2026
9«Digital Qazaqstan»: Ақпараттық қауіпсіздік саласының болашақ мамандары іріктелді012.4921-06-2026
10Қазақстанда "сайлау барысына кедергі келтірді" деген баппен сотталған жалғыз адамға амнистия қолданылмайды08.4503-06-2026

Классификация: Сибирь. Схожих патентов: 0. Схожих новостей: 10. Тональность: 0. Информативность: 17.71. Источник: polisia.kz.