Вход на сайт

Просмотр новости

Найдите то, что Вас интересует

ШҚО-да "Қауіпсіз үй" жедел-профилактикалық іс-шарасы жалғасуда

Дата публикации: 19-10-2026 11:45:23

ШҚО-да "Қауіпсіз үй" жедел-профилактикалық іс-шарасы жалғасуда, - деп хабарлайды Polisia.kz. Шығыс Қазақстан облысында "Қауіпсіз үй" республикалық жедел профилактикалық іс-шарасы жалғасуда. Оның негізгі мақсаты — қоғамдық қауіпсіздік деңгейін арттыру, құқық бұзушылықтардың алдын алу және тұрғындардың қауіпсіздігіне қатер төндіруі мүмкін мәселелерді уақытылы анықтау. Іс-шара аясында полиция қызметкерлері ТЖД мамандарымен бірлесіп, тұрғын үй секторын тексеруде. Бұл ретте қоғамдық […]

Основное содержимое страницы с новостью.

ШҚО-да "Қауіпсіз үй" жедел-профилактикалық іс-шарасы жалғасуда

19 Қазан 2026 ж., 16:45 жарияланған 3

ШҚО-да "Қауіпсіз үй" жедел-профилактикалық іс-шарасы жалғасуда, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Шығыс Қазақстан облысында "Қауіпсіз үй" республикалық жедел профилактикалық іс-шарасы жалғасуда. Оның негізгі мақсаты — қоғамдық қауіпсіздік деңгейін арттыру, құқық бұзушылықтардың алдын алу және тұрғындардың қауіпсіздігіне қатер төндіруі мүмкін мәселелерді уақытылы анықтау.

Іс-шара аясында полиция қызметкерлері ТЖД мамандарымен бірлесіп, тұрғын үй секторын тексеруде. Бұл ретте қоғамдық тәртіптің жай-күйіне және төтенше жағдайларға себеп болуы мүмкін тұрмыстық жағдайларға баса назар аударылады.

Тұрғындармен кері байланыс орнатуға да ерекше мән беріледі. Есепті кезеңде тұрғындармен 257 кездесу өткізіліп, оған 7 мыңнан астам адам қатысты. QR-кодтар мен жергілікті қауымдастықтардың чаттары арқылы 125 ұсыныс келіп түскен. Қазіргі уақытта олар бойынша тиісті шаралар қабылдануда.

Тұрғын үй секторындағы қауіп-қатер факторларын анықтауға да басымдық берілген. Олардың қатарында өртке әкелуі мүмкін ақаулы пешпен жылыту жүйелері мен өзге де бұзушылықтар, сондай-ақ полицияның профилактикалық бақылауын қажет ететін жағдайлар бар. Жалпы, 4 мыңға жуық проблемалық мекенжай анықталып, оның 1,8 мыңға жуығында кешенді профилактикалық жұмыстар жүргізілді.

Сонымен қатар азаматтық қарудың 1,4 мыңнан астам иесі тексерілді. 20 жағдайда қаруды сақтау қағидалары мен оны тіркеу мерзімдеріне қатысты бұзушылықтар анықталды.

"Қауіпсіз үй" жедел профилактикалық іс-шарасы жалғасуда. Полиция облыс тұрғындарын қауіпсіздік мәселелеріне бейжай қарамауға, ықтимал қауіп-қатерлер туралы хабарлауға және құқық бұзушылықтардың алдын алуға үлес қосуға шақырады.

Схожие новости

#Наименование новостиТональностьИнформативностьДата публикации
1Павлодар облысында “Қауіпсіз үй” жедел-профилактикалық іс-шарасы жүргізілуде017.8619-10-2026
2Қауіпсіздік қызметіндегі цифрлық технологиялар: ШҚО-да қандай жаңашылдықтар енгізілуде018.917-10-2026
3Алматы облысында полиция қоғамдық қауіпсіздікті нығайтуға басымдық берді020.0319-10-2026
4Жетісу облысының тұрғындарына интернет-алаяқтықтан сақтану бойынша 2 мыңнан астам жадынама таратылды021.9919-10-2026
5Жамбыл облысында сотталғандарға құқықтық кеңес берілді016.8421-09-2026
6Түркістан облысында шетел азаматтарының көші-қон тәртібі тексерілді015.4121-09-2026
7Абай облысы бойынша ҚАЖД мекемесінде жасөспірімдерге профилактикалық экскурсия өткізілді012.8721-09-2026
8Түркістан облысында 22-ші “Жас сақшы” полиция сыныбы ашылды019.1720-10-2026
9Ақтауда “Заң мен тәртіп – қауіпсіз қоғамның негізі” тақырыбында марафон өтті013.919-10-2026
10Недостаточно бедные? Сиротам в Казахстане отказывают в жилье из-за доходов сверх установленного порога08.4915-08-2026

Классификация: Недвижимость. Схожих патентов: 0. Схожих новостей: 10. Тональность: 0. Информативность: 17.77. Источник: polisia.kz.