Жетісу облысында полиция қызметкерлері интернет-алаяқтықтың алдын алу және халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру бағытындағы профилактикалық жұмыстарды жалғастыруда, - деп хабарлайды Polisia.kz. Талдықорған қаласындағы коммуналдық базарға тұрғындар көп жиналатын күні полицейлер ақпараттық-түсіндіру акциясын өткізді. Құқық қорғау қызметкерлері қала тұрғындары мен қонақтарына кеңінен таралған алаяқтық схемалары туралы айтып, алаяқтарды қалай тануға болатынын түсіндірді. Әсіресе, өзін банк немесе құқық […]
19 Қазан 2026 ж., 16:20 жарияланған 7
Жетісу облысында полиция қызметкерлері интернет-алаяқтықтың алдын алу және халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру бағытындағы профилактикалық жұмыстарды жалғастыруда, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Талдықорған қаласындағы коммуналдық базарға тұрғындар көп жиналатын күні полицейлер ақпараттық-түсіндіру акциясын өткізді. Құқық қорғау қызметкерлері қала тұрғындары мен қонақтарына кеңінен таралған алаяқтық схемалары туралы айтып, алаяқтарды қалай тануға болатынын түсіндірді.
Әсіресе, өзін банк немесе құқық қорғау органдарының қызметкері ретінде таныстыратын алаяқтардың қоңырауларына, жалған инвестициялық ұсыныстарға және күмәнді сілтемелерге ерекше назар аударылды. Азаматтарға SMS арқылы келетін кодтарды және банк картасының деректерін құпия сақтау, белгісіз шоттарға ақша аудармау, сондай-ақ кез келген ақпараттың шынайылығын тексеру қажеттігі ескертілді.
Акция аясында тұрғындарға интернет-алаяқтардан қорғану жолдары көрсетілген 2000-нан астам ақпараттық жадынама таратылды.
Полиция қызметкерлері адам көп жиналатын орындарда профилактикалық іс-шаралар өткізу арқылы тұрғындарды кеңінен қамтып, ықтимал қылмыстардың алдын алуды көздейді.
Полиция тұрғындарды қырағы болуға шақырады. Ақпаратты дер кезінде тексеру өзіңізді және жақындарыңызды алаяқтардан қорғауға, жинаған қаражатыңызды сақтауға көмектеседі.
| # | Наименование новости | Тональность | Информативность | Дата публикации |
|---|---|---|---|---|
| 1 | Жетісу облысында мас күйде көлік тізгіндеген жүргізушілер жауапқа тартылды | 0 | 17.52 | 21-09-2026 |
| 2 | Алматы облысында полиция қоғамдық қауіпсіздікті нығайтуға басымдық берді | 0 | 20.03 | 19-10-2026 |
| 3 | Жетісуда полиция қызметін жетілдіруге бағытталған басым міндеттер айқындалды | 0 | 16.76 | 14-08-2026 |
| 4 | Жамбыл облысында сотталғандарға құқықтық кеңес берілді | 0 | 16.84 | 21-09-2026 |
| 5 | Павлодар облысында “Қауіпсіз үй” жедел-профилактикалық іс-шарасы жүргізілуде | 0 | 17.86 | 19-10-2026 |
| 6 | Қостанай облысында көші-қон заңнамасын бұзғандар жауапқа тартылды | 0 | 18.4 | 15-10-2026 |
| 7 | Түркістан облысында шетел азаматтарының көші-қон тәртібі тексерілді | 0 | 15.41 | 21-09-2026 |
| 8 | Балалар үшін қауіпті орындар: нені ескеру қажет? | 0 | 18.89 | 14-08-2026 |
| 9 | ШҚО-да "Қауіпсіз үй" жедел-профилактикалық іс-шарасы жалғасуда | 0 | 17.77 | 19-10-2026 |
| 10 | Маңғыстау облысында полицейлер дрондарды басқару бойынша арнайы оқудан өтті | 0 | 15.26 | 19-10-2026 |