Вход на сайт

Просмотр новости

Найдите то, что Вас интересует

Маңғыстау облысында полицейлер дрондарды басқару бойынша арнайы оқудан өтті

Дата публикации: 19-10-2026 05:12:04

Маңғыстау облысында полицейлер дрондарды басқару бойынша арнайы оқудан өтті, — деп хабарлайды Polisia.kz. Маңғыстау облысы полиция департаментінің 14 қызметкері ұшқышсыз ұшу аппараттарын (дрондарды) басқару бойынша арнайы оқу курсынан өтті. Оқу 9–16 қазан аралығында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі Ержан Саденовтің ішкі істер органдарын цифрландыру және заманауи технологияларды тиімді пайдалану жөніндегі тапсырмасы аясында ұйымдастырылды. Курс барысында […]

Основное содержимое страницы с новостью.

Маңғыстау облысында полицейлер дрондарды басқару бойынша арнайы оқудан өтті

19 Қазан 2026 ж., 10:12 жарияланған 14

Маңғыстау облысында полицейлер дрондарды басқару бойынша арнайы оқудан өтті, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Маңғыстау облысы полиция департаментінің 14 қызметкері ұшқышсыз ұшу аппараттарын (дрондарды) басқару бойынша арнайы оқу курсынан өтті.

Оқу 9–16 қазан аралығында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі Ержан Саденовтің ішкі істер органдарын цифрландыру және заманауи технологияларды тиімді пайдалану жөніндегі тапсырмасы аясында ұйымдастырылды.

Курс барысында полиция қызметкерлері дрондарды басқару, оларды қауіпсіз пайдалану және қызметтік міндеттерді орындау кезінде қолдану бойынша білім мен тәжірибелік дағдыларды меңгерді.

Бұл бастама полиция жұмысының тиімділігін арттыруға, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында цифрлық технологияларды кеңінен енгізуге бағытталған.

Оқу қорытындысы бойынша курсты сәтті аяқтаған 14 полиция қызметкеріне арнайы сертификаттар табысталды.

Маңғыстау облысы полиция департаменті қызметкерлердің кәсіби біліктілігін арттыру және заманауи технологияларды қызметте қолдану бағытындағы жұмыстарды жалғастыруда.

Схожие новости

#Наименование новостиТональностьИнформативностьДата публикации
1Ақтауда “Заң мен тәртіп – қауіпсіз қоғамның негізі” тақырыбында марафон өтті013.919-10-2026
2Алматы облысында полиция қоғамдық қауіпсіздікті нығайтуға басымдық берді020.0319-10-2026
3Жетісу облысының тұрғындарына интернет-алаяқтықтан сақтану бойынша 2 мыңнан астам жадынама таратылды021.9919-10-2026
4Қауіпсіздік қызметіндегі цифрлық технологиялар: ШҚО-да қандай жаңашылдықтар енгізілуде018.917-10-2026
5Түркістан облысында 22-ші “Жас сақшы” полиция сыныбы ашылды019.1720-10-2026
6Астанада "Kazakhstan Prevention Days – 2026" ауқымды жобалар көрмесі өтті018.419-10-2026
7Астанада алаяқтыққа қатысы бар күдікті қолға түсті019.1719-10-2026
8Жамбыл облысында сотталғандарға құқықтық кеңес берілді016.8421-09-2026
9Полиция павлодарлық жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді жол қозғалысы ережелерін сақтауға шақырды016.5421-09-2026
10Өскеменде студенттерге адам саудасының қауіптері түсіндірілді019.9621-09-2026

Классификация: . Схожих патентов: 0. Схожих новостей: 10. Тональность: 0. Информативность: 15.26. Источник: polisia.kz.