Бейнебақылау камералары, бейнеаналитика және ұшқышсыз ұшу аппараттары — бұл құралдар Шығыс Қазақстан облысының полициясына қоғамдық тәртіпті бақылауға, құқық бұзушылықтардың мән-жайын анықтауға және жедел іс-шараларды жүргізуге көмектеседі, — деп хабарлайды Polisia.kz. Цифрлық шешімдердің мүмкіндіктері туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ШҚО полиция департаменті бастығының орынбасары Эльдар Қарсақпаев айтып берді. Цифрландыру бағыттарының бірі — облыс аудандарында да […]
Бейнебақылау камералары, бейнеаналитика және ұшқышсыз ұшу аппараттары — бұл құралдар Шығыс Қазақстан облысының полициясына қоғамдық тәртіпті бақылауға, құқық бұзушылықтардың мән-жайын анықтауға және жедел іс-шараларды жүргізуге көмектеседі, — деп хабарлайды Polisia.kz.
Цифрлық шешімдердің мүмкіндіктері туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ШҚО полиция департаменті бастығының орынбасары Эльдар Қарсақпаев айтып берді.
Цифрландыру бағыттарының бірі — облыс аудандарында да Жедел басқару орталықтарын дамыту. Олар “102” арнасына келіп түсетін хабарламаларды қабылдау мен тіркеуді автоматтандыруға, сондай-ақ полиция бөлімшелерінің жұмысын үйлестіруге мүмкіндік береді.
Жағдайды бақылау үшін әр аудан орталығында 77 бейнебақылау камерасынан орнатылған. Камералардан түсетін бейне облыс орталығы мен Ішкі істер министрлігінде де қолжетімді. Бет-әлпетті тану функциясын қоса алғанда, бейнеаналитика жүйесі келіп түскен ақпаратты өңдеуге және құқық бұзушылықтардың мән-жайын оқиға ізін суытпай анықтауға көмектеседі.
Полиция жұмысында ұшқышсыз ұшу аппараттары да қолданылады. Олар әуеден патрульдеу, адамдарды іздестіру және жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде пайдаланылады.
Цифрлық шешімдер полицияның мүмкіндіктерін кеңейтіп, ақпаратты уақытылы алуға, жағдайды бағалауға және оқиғаларға жедел әрекет етуге мүмкіндік береді.
| # | Наименование новости | Тональность | Информативность | Дата публикации |
|---|---|---|---|---|
| 1 | Алматы облысында полиция қоғамдық қауіпсіздікті нығайтуға басымдық берді | 0 | 20.03 | 19-10-2026 |
| 2 | ШҚО-да "Қауіпсіз үй" жедел-профилактикалық іс-шарасы жалғасуда | 0 | 17.77 | 19-10-2026 |
| 3 | Павлодар облысында “Қауіпсіз үй” жедел-профилактикалық іс-шарасы жүргізілуде | 0 | 17.86 | 19-10-2026 |
| 4 | Жетісу облысының тұрғындарына интернет-алаяқтықтан сақтану бойынша 2 мыңнан астам жадынама таратылды | 0 | 21.99 | 19-10-2026 |
| 5 | Маңғыстау облысында полицейлер дрондарды басқару бойынша арнайы оқудан өтті | 0 | 15.26 | 19-10-2026 |
| 6 | Түркістан облысында 22-ші “Жас сақшы” полиция сыныбы ашылды | 0 | 19.17 | 20-10-2026 |
| 7 | Түркістан облысында шетел азаматтарының көші-қон тәртібі тексерілді | 0 | 15.41 | 21-09-2026 |
| 8 | Өскеменде студенттерге адам саудасының қауіптері түсіндірілді | 0 | 19.96 | 21-09-2026 |
| 9 | Полиция павлодарлық жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді жол қозғалысы ережелерін сақтауға шақырды | 0 | 16.54 | 21-09-2026 |